Қазақстанда доллар бағамы 545 теңгеге жетті

152

Ұлттық банктің 24 шілдедегі доллардың ресми бағамы – 538,64 теңге. 

Қазақстанда доллар бағамы 545 теңгеге жетті Фото: pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,29 теңгеге көтеріліп, 541,93 теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы – 540,64 теңге, сату – 543,44 теңге. Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орташа алғанда 537,48 теңгеден сатып алып, 544,48 теңгеден сатып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу