Қазақстанда доллар мен еуро арзандады

140

Ұлттық банктің 29 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 516,13 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,29 теңге. Еуро – 538,01.

Қазақстанда доллар мен еуро арзандады Фото: inbusiness.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516-522 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 520 теңге. Еуро 537-543 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 516 теңге, сатып алу құны – 522 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13-5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 28 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 516,19 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу