Қазақстанда домбыраны ең көп пайдаланатындар Алматы облысының тұрғындары

Ауылдағы отбасылардың 14 пайызында домбыра бар.

Қазақстанда домбыраны ең көп пайдаланатындар Алматы облысының тұрғындары Фото: Turkystan.kz

Қазақстандық отбасылардың 9,4 пайызында домбыра, 4,5 пайызында гитара, 1 пайызында пернетақта, тағы 0,8 пайызында басқа да музыкалық аспаптар бар. Бұл туралы Ұлттық статистикалық бюросының музыкалық аспаптармен қамтамасыз ету бойынша сауалнамасына сүйеніп, energyprom.kz жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық жерлердегі үй шаруашылығының 7%-да домбыра, 4,3%-да гитара, 1%-да пернетақталы аспаптар бар. Ал ауылдық жерде отбасылардың 14,3 пайызы домбыра, 4,8 пайызы гитара, 1 пайызы пернетақталы аспаптар ұстайды. Ауыл мен қаланың музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілуі жағынан тек домбыраға қатысты айтарлықтай айырмашылық байқалады.

Аймақтық жағдайда домбыра көбінесе Алматы облысындағы отбасылардың 17,5% бар. Екінші және үшінші орында Маңғыстау және Түркістан облыстары – тиісінше  17,2% және 14,5%. Ең аз көрсеткіштер Абай өңірінде тіркелген: мұнда тек 2,2% отбасы домбыра ұстайды. 

Ал гитараны көбінесе Маңғыстау (10,3%), Қостанай (6,4%) облыстары және Алматы (5,9%) қаласының тұрғындары пайдаланады. Ең аз көрсеткіш Түркістан облысында  – небәрі 0,6%.

Пернетақталық аспаптардың қолжетімділігі бойынша Қарағанды ​​(2%), Қостанай (1,8%) және Ақмола (1,8%) облыстары көш бастап тұр, ал ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысында (0,2%) байқалады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу