Қазақстанда дрон арқылы тауар жеткізу қызметі іске қосылады

176

Жоба алғашында пилоттық режимде қызмет көрсетеді.  

Қазақстанда дрон арқылы тауар жеткізу қызметі іске қосылады Фото: djimsk.ru

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Freedom Lifestyle ұшқышсыз жеткізу сервистерін дамыту жөнінде меморандумға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжат аясында Алматы қаласында пилоттық жоба жүзеге асырылады. Дрондар азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары мен дәрі-дәрмектерді 3 шақырымға дейінгі радиуста, салмағы 10 келіге дейін жеткізе алады.

Ұшулар күндізгі уақытта және қолайлы ауа райында ғана орындалады.

Пилоттық жобаны 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында іске қосу жоспарланып отыр.

Қауіпсіздік пен тұрғындардың жайлылығына басымдық беріледі. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, дронмен жеткізу сервистерін елдің басқа өңірлеріне, соның ішінде ауылдық аймақтарға кеңейту көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу