Қазақстанда дрон факультеті ашылады

300

Әзірге еліміздегі екі университетте ғана ұшқышсыз ұшу кафедрасы бар.

Қазақстанда дрон факультеті ашылады Фото: Business security

Кореялық профессорлар Қазақстанда ұшқышсыз ұшақтар саласына кадрлар дайындайды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, әзірге Қазақстанда екі университетте ғана дрондар кафедралары бар. Енді Джей университетінің көмегімен тағы бір факультет ашылмақ. Кореялық профессорлар Қазақстанда дрон саласына қажетті мамандар даярлайды.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбековтің айтуынша, Джей академиясында жоғарғы сынып оқушыларынан бастап нақты өндірісте жұмыс істейтін адамдарға дейін арнайы соларға мамандырылған бағдарламалар бар.

"Алдағы уақытта Джей университеті Қазақстанға келіп, біздің университеттерімізді аралап, техникалық университеттерімізді, олардың ішінен өздеріне әріптес тандайды. Бізге корей және түрік тараптары дрондарды өндіру технологиясы мен құзыреттілігін беруге дайын", - дейді Азамат Бейісбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу