Қазақстанда E-Gov порталында МИБ тіркелетін электронды дауыс беру қызметі әзірленді

886

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Качаков мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстанда E-Gov порталында МИБ тіркелетін электронды дауыс беру қызметі әзірленді

Оның айтуынша, авторизация ЭСҚ арқылы жүзеге асырылады. Онда автоматты түрде тіркеліп, "меншік иесі" мәртебесін растай аласыз және өз үйіңізде дауыс беруге бастама көтере аласыз.

Жиналыстың күн тәртібін жасағаннан кейін мүлік иелері белсенді сілтемемен жиналысқа өтіп, өз таңдауын жасап, ЭСҚ-мен қол қоюы керек.

Бұл ретте E-Gov порталындағы электрондық дауыс беру қызметі тек МИБ әлі тіркелмеген үйлер үшін қолжетімді. Дауыс беру бір рет жүргізіледі және МИБ тіркелгеннен кейін қызметке қолжетімділік жабылады. Жиналыстағы мәселелер МИБ-ті тіркеу үшін ең аз тізіммен шектеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу