Қазақстанда екі апталық локдаун енгізілетіні туралы ақпарат жалған болып шықты

554

Қазақстанда екі апталық локдаун енгізілетіні туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстанда екі апталық локдаун енгізілетіні туралы ақпарат жалған болып шықты

Әлеуметтік желіге тараған бұл хабарламаны Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі жоққа шығарды. Ержан Байтанаевтың сөзінше, бүгінгі таңда мұндай қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. 

Еске салайын, WhatsApp мессенджерінде алдағы уақытта екі апталық локдаун енгізілетіні туралы ақпарат таратылуда. Хабарлама авторларының айтуынша, азық-түлік дүкендері де жабылады. Тек дәріханаларға ғана бұрынғы режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу