Күнде жарқыл пайда болды

379

Күндегі жарылыс салдарынан Қазақстанда алдағы екі күн бойы магниттік дауыл жүреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күнде жарқыл пайда болды Фото: Новий канал

Медицина қызметкерлері екі күн бойы созылмалы аурулары бар науқастарға жұмыстан шаршамай, демалуға кеңес береді. 

"Біздің денемізде электр өрістері бар. Осыған байланысты магниттік дауыл біздің ағзамызаға әсер етуі мүмкін. Яғни, секундына 1-2 рет болатын магнит өрісінің тербелісі біздің жүрек соғысына сәйкес келеді. Созылмалы аурумен есепте тұрған науқастар бұл магниттік дауылды сезеді. Жұмыс істеген соң міндетті түрде демалу керек. Яғни, бұл кезде демалысқа көп уақыт бөлу керек", – дейді Алматыдағы №36 емхананың бөлім меңгерушісі Қарлығаш Қалиева.

Дәрігерлердің айтуынша, инсульттің шамамен 70%-ы геомагниттік бұзылу кезінде болады.

Алдын ала болжам бойынша, дауыл екі күнге дейін, яғни жұмадан сенбі күнге дейін созылады. Ғалымдар магниттік дауыл кезінде екі шығарынды болатынын айтады. Десе де олардың қуатты болмайтынын айтып, сендірді.

“Қазанның 4, 5 күні қуаты аз және орташа магниттік дауыл жүреді. Күннің орталық меридианға жақын жерінде жарқыл пайда болып, тәжді массаның шығарындысы жүреді. Алдағы екі күнде сол шығарындының Жердің магнитосферасына әсерін көруіміз мүмкін”, – дейді Ионосфера институтының ғарыштық ауа райын диагностикалау және болжау зертханасының аға ғылыми қызметкері Ботагөз Сейфуллина. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу