Екі күн ішінде Қазақстанда 75 жол-көлік оқиғасы орын алып, 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның басым бөлігі Жамбыл облысында (13 жағдай) тіркелді. Одан кейін 6 адам Маңғыстау облысында, 4 тұрғын Атырау облысында, БҚО-да 3 адам мерт болды.
"Жолға шыққанда, сіз өзіңіз үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушылардың өмірін сақтауға да жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Жылдамдық режимін сақтаңыз, жол ережелерін ескеріңіз. Көлігіңіздің техникалық ақаулығын тексеріңіз. Полиция қызметкерлері жол-көлік ережесін бұзу фактілері бойынша күшейтілген жұмыс жүргізіледі. Полиция қызметкерлері жазалау емес, сіздің өміріңізді сақтауды көздейді", - деп атап өтті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.