Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
"Бізде екінші деңгейлі банктерге айналуға ниет білдірген екі ірі микроқаржылық ұйым бар. Бұл KMF және Solva микроқаржылық ұйымдары. Олардың қаржылық портфельдері ең үлкен болып есептеледі, яғни капиталдарының көлемі банкке айналуға мүмкіндік береді", – деді Мәдина Әбілқасымова.
Еске сала кетсек, қазір елімізде 21 екінші деңгейлі банк (оның 12-сі – шетел қатысатын) жұмыс істейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу