Қазақстанда экономикалық қылмысқа қатысы бар тұлғалардың тізімі жасалуы мүмкін

96

Құжат жария талқылауға ұсынылды. 

Қазақстанда экономикалық қылмысқа қатысы бар тұлғалардың тізімі жасалуы мүмкін  Фото: apk-pravo.ru

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқық бұзушылықтар саласындағы заңсыз қызметпен байланысты жеке және заңды тұлғаларды тізілімге енгізу туралы қағиданы әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қағидалармен экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығы расталған жеке тұлғаларды, заңды тұлғаларды тізілімге енгізу және тізілімнен алып тастау тәртібі айқындалады. Қағидаларда есепке қою негіздері, тізілімде сақталатын мәліметтер тізімі, оларды жүргізу және өзектендіру тәртібі, сондай-ақ ақпаратты сақтау шарттары мен мерзімдері белгіленген. 

"Тізілімдер құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғам мен кәсіпкерлік субъектілерін экономикалық қызмет саласында бар тәуекелдер туралы хабардар ету, сондай-ақ қаржылық мониторинг аясында іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында пайдаланылады. Іс-шараларды жүзеге асыру мерзімдері: нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізуінен бастап", – делінген құжатта. 

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жобаны көпшілік талқылау 19 ақпанға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу