Қазақстанда экотуризмге сұраныс артып келеді

245

Бүгінде еліміз бойынша 16 визит-орталық жұмыс істейді, оның ішінде 7 визит-орталық ұлттық парктер аумағында орналасқан.  

Қазақстанда экотуризмге сұраныс артып келеді Фото: inbusiness.kz

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық саябақтарға 2,4 миллионнан астам адам келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, былтыр Алтын-Емел, Шарын және Іле-Алатауы ұлттық парктері жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық 3 жаңа визит-орталықпен толықтырылған. 

Туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан бері министрлік жаңа бастамаларды пысықтап жатыр. Соның бірі – фермерлерге өз жерлерінде агротуризммен айналысуға рұқсат беру. Бұл арқылы 10 мыңнан астам ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу