Қазақстанда экс-жұбайының есепшоттары туралы ақпаратты банктен тікелей алу мүмкіндігі шектелді

166

Мұндай шешім қаржы деректерінің құпиялылығын күшейту мақсатында қабылданды.  

Қазақстанда экс-жұбайының есепшоттары туралы ақпаратты банктен тікелей алу мүмкіндігі шектелді Фото: ratel.kz

Жаңа тәртіпке сәйкес, енді мұндай ақпаратты тек сот немесе құқық қорғау органдарының ресми сұранысы негізінде ғана алуға болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Яғни, жеке тұлғалар банктерге өз бетінше жүгініп, бұрынғы жұбайының қаржылық мәліметтерін біле алмайды. Бұл шара азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар мұндай шектеу қаржылық ақпараттың заңсыз пайдаланылуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейк, бұған дейін банктер қазақстандық әйелге оның келісімінсіз бұрынғы күйеуінің банк шоттары туралы ақпаратты беруден бас тартқан еді. Конституциялық сот істі қарап, банктердің шешімін қолдады, өйткені Қазақстанда банк құпиясы заңмен қорғалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу