Қазақстанда экспортқа бағдарланған тағы бір комбинат пайда болады

1054

Қазақстанда экспортқа бағдарланған тағы бір комбинат пайда болады

Ақмола облысында Алексеевский каолин кен орнының базасындағы тау-кен байыту комбинатының құрылысы 2018 жылы аяқталады. Бұл туралы облыстың кәсіпкерлік және өндіріс басқарамасы хабарлады. 
Әкімдіктің айтуынша, жобаны Arai Pro компаниясы іске асыруда. Нысанның құны – 5,4 млрд теңге – отандық инвестиция есебінен іске асады. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 80 мың тонна. 
Комбинат  өндірілген өнімнің 70%-ын Қытай, Ресей, Жапония, Германия, Үндістан, Иран, Мысыр және Сүрияға жеткізбек. Нысан құрылысы осы жылы аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу