Қазақстанда экспорттық жүк тасымалы 7,1%-ға артты

283

Экспорттың негізгі бөлігі темір кенін тасмалдауға тиесілі.    

Қазақстанда экспорттық жүк тасымалы 7,1%-ға артты Фото: ult.kz

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның теміржол көлігімен 241,7 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 233,7 млн тоннамен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экспорттық жүк тасымалы 7,1%-ға өсіп, 69,4 млн тоннаны құрады. Былтырғы жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 64,8 млн тонна болған.

Экспорт көлемінің өсуіне темір рудасы, астық, тыңайтқыштар, көмір және құрылыс жүктерін тасымалдаудың артуы әсер етті.

Темір рудасы экспорты 32,1%-ға өсіп, 10,1 млн тоннаға жетті. Астық тасымалы 17,6%-ға артып, 8,3 млн тоннаны құрады. Астық негізінен Орталық Азия елдеріне, Ауғанстан мен Қытайға жөнелтілді.

Тыңайтқыштар экспорты 9%-ға өсіп, 1,2 млн тоннаны құрады. Бұған Беларусь, Бразилия, Өзбекстан, Болгария және Ауғанстанға жөнелтілімдердің артуы ықпал етті.

Көмір экспорты 2,1%-ға артып, 25,8 млн тоннаға жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу