Қазақстанда электр энергиясына тапшылық артты

490

Соңғы жылдары елімізде электр энергиясына сұраныс 10 пайызға жуық өсті. 

Қазақстанда электр энергиясына тапшылық артты Фото: Life09

Бұл туралы елордадағы энергетикалық қауіпсіздік тақырыбындағы конференцияда "Самұрық-Энерго" Акционерлік Қоғамы  генерация департаментінің директоры Ғалымбек Ауталипов мәлімдеді. 

Оның айтуынша  қолданыстағы энергия өндірушілер өсіп келе жатқан сұранысты жаба алмауда. Сондықтан биыл,  қуат тапшылығы шамамен 1,4 гигаватт, ал 2029 жылға қарай шамамен 3 гигаватт болуы мүмкін. Осыған байланысты Үкімет жаңа энергия қуатын енгізуді тапсырды. 

Атап айтқанда, "Самұрық-Энерго" Екібастұз ГРЭС-2  блоктарының құрылысын іске асыруды және жалғастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ,  Алматыдағы жылу электр орталықтарын күшейту қарастырылылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу