Қазақстанда электр қуаты қымбаттады

3182

Ең үлкен тарифтік өзгеріс Маңғыстау облысында тіркелген.

Қазақстанда электр қуаты қымбаттады

2019 жылдың қазан айынан бастап еліміздің үш өңірінде электр қуатының қымбаттаған. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифі 3,2%-ға жоғарылап, бір кВт құны 11,392 теңгеден 11,758 теңге жеткен. Ал Батыс Қазақстан облысында 0,18%-ға, яғни, бір кВт үшін 16 теңгеден 16,03 теңге көтерілген. Ал Маңғыстау облысында тариф бірден 3,37%-ға қымбаттаған. Мұнда бір кВт электр қуатының бағасы 15,44 теңгеден 15,96 теңгеге тұрақтаған.

Сонымен қатар табиғи монополияларды реттеу комитеті нарықта баға жасау саясатына сәйкес, табиғи монополиялар субъектілері өз бетімен тарифті төмендетіп немесе көтере алатынын ескертті. Алайда бағаны бекіткен мекеме комитетке бес жұмыс күнінің ішінде өзгеріс себебін хабарлауы керек.

"Жоғарыда аталған өңірлерде энергиямен қамтамасыз ететін мекемелер алдын ала келісілген бағаға көшті. Олар тарифті бекітілген межеден асырған жоқ",– деді ведоствадан.

Сондай-ақ, комитет электр қуатының бағасы қалай бекітілетінін айтты.  

50% – электр станциясынан қуатты сатып алу құны;

45% – электр қуатын беру шығыны;

5% – электр қуатымен қамтамасыз ететін мекеменің өзге шығындары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу