Қазақстанда электр қуатын есептегіш құралдардың өндірісі өсті

187

Биыл қаңтар-маусым айларында 375 дана есептегіш экспортталды. 

Қазақстанда электр қуатын есептегіш құралдардың өндірісі өсті Фото: canva.com

2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда электр энергиясын есептегіштер (калибрленгендерді қоса алғанда) өндірісінің айтарлықтай өсуі байқалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 21% өсіп, 198,5 мың дана есептегіш құрал жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар электр есептегіштерінің импорты 27% өсті. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында 111,3 мың дана өнім импортталды, ал былтырғы сәйкес кезеңде импорт көлемі 87,6 мың дана болды. Шетелден келетін өнімнің нарықтағы үлесі 35,9% құрайды.

Биыл қаңтар-маусым айларында 375 дана есептегіш экспортталды. Қазақстанның ішкі нарығында 2024 жылдың алғашқы жарты жылында 309,4 мың дана электр қуатын есептегіш құрал сатылды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында электр энергиясы, сондай-ақ газ және сұйықтық есептегіштері Беларус, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Германия, БАӘ, Қытай, Грузия, Моңғолия және Түркияға экспортталды. Экспортталған өнімнің жалпы құны 879,4 мың АҚШ долларын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу