Қазақстанда электр самокаттардың жүргізушілеріне талап күшейеді

Оларда жүргізуші куәлігі мен касканың болуы шарт. 

Қазақстанда электр самокаттардың жүргізушілеріне талап күшейеді Фото: unsplash.com

ҚР Парламентінің жұмыс тобы жол қозғалысы заңнамасына түзетулер әзірлеуде. Бұл туралы 28 сәуірде "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі хабарлады. 

Кейбір түзетулер микромобильді көліктердің, соның ішінде электр самокаттар жұмысына әсер етеді. 

Енгізілген түзетулерге сәйкес, жаяу жүргіншілер жолымен жүру жылдамдығы 6 км/сағ дейін төмендетілуі керек, ал жүргізушілері жолдың жүру бөлігінде жүргенде каска киіп, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы керек. 

 "Жаңа түзетулер экологиялық таза көліктің дамуын бәсеңдетеді және ортақ электрлік мотороллерлерді де, жеке көлігі бар адамдарды да, соның ішінде көліктің осы түрін жұмыс үшін пайдаланатындарды, әсіресе курьерлердің жұмыса кері ықпал етеді", - деп есептейді "Jet Sharing" ЖШС директоры Мұсалав Әлібеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу