Қазақстанда электр желілеріндегі апатты оқиғалар 13%-ға төмендеді

118

Биыл да ауқымды жөндеу жұмыстары жалғасады. 

Қазақстанда электр желілеріндегі апатты оқиғалар 13%-ға төмендеді Фото: inbusiness.kz

"Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында Қазақстанда электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға азайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 17 мың шақырым электр беру желілері мен 420 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілген. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 66%-ға дейін төмендеген.

– Жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға азайып, 3140 технологиялық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік берілді. Бұл шаралар энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға бағытталған, – делінген мәліметте.

Биыл да ауқымды жөндеу жұмыстары жалғасады. Жалпы 17 мың шақырым электр желісін жаңарту жоспарланған. Оның ішінде Ақмола облысында – 2,5 мың км, Павлодар облысында – 2,4 мың км, Жамбыл және Ұлытау облыстарында – 1,8 мың км-ден астам желі жөнделеді.

Сонымен қатар 444 қосалқы станцияны, 3,4 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңғырту көзделген.

– Жоспарланған шараларды іске асыру электр желілерінің орташа тозу деңгейін қосымша 65%-ға дейін төмендетуге, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді, – деп атап өтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу