Қазақстанда электрлі көліктер саны рекордтық көрсеткішке жетті

214

2024 жылғы қарашада есепке 168,3 мың бірлік автокөлік құралдары қойылды.  

Қазақстанда электрлі көліктер саны рекордтық көрсеткішке жетті Фото: Кирилл Каллиников

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер 5,2% артты, жүк автомобильдері 31% артты және автобустар 14,4% кеміді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5694,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% жеңіл автомобильдер, 9,9% жүк автомобильдері және 2,1% автобустар.

Алғаш рет тіркелген жаңа жеңіл автомобильдердің саны 31 149 бірлікті құрады. Жаңа автомобильдердің ең көп саны тіркелген:

  • Алматы қаласында – 6351 бірлік
  • Астана қаласында – 4300 бірлік
  • Шымкент қаласында – 3416 бірлік
  • Алматы облысында – 2869 бірлік

Сонымен қатар, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл көліктер саны 1,6 есеге артты –  7383-ден 12 119 бірлікке дейін.

Электр көліктерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген: Алматы қаласында – 7157 бірлік, Астана қаласында – 1464 бірлік, Алматы облысында – 621 бірлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу