Қазақстанда электрокөліктерді қуаттау бағасы өсуі ықтимал

445

Бұл туралы "Ақ жол" фракциясының депутаттары Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке жолдаған депутаттық сауалында айтылды.

Қазақстанда электрокөліктерді қуаттау бағасы өсуі ықтимал Фото: av.by

Желтоқсаннан бастап электр қуаттау станцияларына қойылатын жаңа талаптар тарифтердің өсуіне әсер етуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

1 желтоқсаннан бастап автокөлікке берілген электр энергиясының көлемі ғана емес, сонымен бірге кернеу, ток күші және қуаттау уақыты да тексерілетін болады.

Депутаттардың пікірінше, қуаттау станцияларының бір түрін немесе партиясын сынақтан өткізу және бекіту шамамен 2 млн теңгеге түсуі мүмкін. Операторлар бұл шығындарды жүргізушілерге арналған тарифке қосады. 

Депутаттар қуаттау жылдамдығы мен қуаты тек станцияға емес, сонымен бірге автокөліктің мүмкіндігіне, аккумулятордың температурасына, қуат деңгейі мен батареяның жағдайына да байланысты екенін атап өтті. Операторлар бұл параметрлерді толық бақылай алмайды.

Сонымен қатар мұндай қосымша шығындар жаңа станциялардың ашылуын баяулатуы мүмкін.

Депутат Олжас Нұралдинов тоқ күшін және қуаттау уақытын бақылау талаптарын қайта қарап, ең алдымен жүргізуші төлейтін электр энергиясы есебінің дәлдігіне басымдық беруді сұрайды.

Сондай-ақ ережелер күшіне енгенге дейін депутаттар тексерулердің түсінікті тәртібін ұсынып, олардың тұтынушылар үшін пайдасын дәлелдеуді талап етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу