Электр тоғының қуатымен жүретін автокөлік құралдарының саны 1,6 есе өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 12 587 бірлікті құрады, бір жыл бұрын тіркелген электромобильдер саны 7 680 бірлік болған. Бұл автомобильдерге де, жүк көліктеріне, автобусқа да қатысты. Жеңіл автомобильдер арасындағы өсім ең жоғары: олардың саны 7 383-тен 12 119 бірлікке дейін өскен.
Алматы электромобиль саны бойынша көшбасшы болып отыр – қалада мұндай 7 309 автомобиль тіркелген. Одан кейін тоқ күшімен жүретін 1 510 көлігі бар Астана, сондай-ақ Алматы облысы, онда 638 автомобиль электр қуатының көмегімен қозғалады.