Елімізде электромобильдер саны бір жылда 55,6%-ға артты

297

Елімізде 24,6 мыңнан астам электромобиль тіркелген, олардың басым бөлігі Алматы қаласына тиесілі.  

Елімізде электромобильдер саны бір жылда 55,6%-ға артты Фото: ixbt.com

Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп келеді. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы бір жылда электромобильдер саны 55,6%-ға көбейген. Өткен жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 15 835 электромобиль есепте тұрған.

Электромобильдердің басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген. Қазіргі таңда мегаполисте 15 280 электромобиль бар, бұл республикадағы жалпы көрсеткіштің 62%-ын құрайды. Электромобиль саны бойынша келесі орындарда Астана қаласы – 2 885 және Алматы облысы – 1 589 көлікпен тұр.

Электромобильдер Қазақстанның барлық өңірінде тіркелгенімен, олардың үлесі біркелкі емес. Ең төмен көрсеткіш Абай облысында – 78, ал Ұлытау облысында 41 электромобильді құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу