Жаңа Салық кодексі Қазақстандағы электронды алаңдағы сауданы табыс салығынан босатты, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.
"Бүгінгі күні әлеуметтік желі арқылы сауда жасайтындар электронды алаңдарына көше алады, сонда табыс салығын төлеу қажет болмайды. Электронды сауда алаңдары жетіп артылады. Жеңілдік алу шарты: электронды формада келісімді рәсімдеу және тауарлар қолма-қол ақшасыз сатып алынуы керек", – деді ұлттық экономика министрінің бірінші вице-министрі. Руслан Даленов ОКҚ баспасөз-конференциясында.
Оның сөзінше, электронды сауда тауарларының табысы жылдық жиынтық табыстың 90 пайызынан кем болмауға тиіс. Сонымен қатар ол министрлік санкция мен бақылауға қарсы екенін айтты.
"Кәсіпкерліктің өскені жақсы, әрине. Бірақ та қазақстандық өз табысын қайдан алмаса да, оған салық салынуы керек. Бұл талапты орындамағандар салықтан жалтарған болып есептеледі. Біздің міндетіміз – жазалау емес, түсіндіру", – деді Руслан Даленов.