Елтаңбаны өзгерту ұсынылды

1542

"Жаңа Адамдар" жастар қозғалысы ел тұрғындарына елтаңбаны ауыстыру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елтаңбаны өзгерту ұсынылды Фото: canva.com

Елтаңба – компания логотипі немесе естелік белгісі емес. Елтаңба – ол терең ұғым. Тұнған тарих.

"Алайда біз білетін елтаңба құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70 пайызы елтаңбамызды тани алмады. Қазақстан – қазіргі заман талаптарына сай алға үлкен мақсаттар қойып, жаңа белестерді бағындыру жолында. Біз, Жаңа адамдар, жауапкершілігі зор мақсаттарға бет алған жас мемлекетке тың көзқарастағы жаңа рәміздің керек екенін сенімділікпен жеткізгіміз келеді. Жаңа елтаңба – жаһандық өзгерістер орын алған шақта біздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек", – дейді олар.

Қозғалыс Қазақстанның тағдыры – еліміздің шекарасында белгіленген, ол тарих беттерінен жоғалмай, еркіндік пен қасиетті ұстанымды ұран етіп, әлемдегі нақты орнымызды айқындауда елтаңба халықты жұмылдыруы тиіс дегенді айтады.

"Егер баршамызға қалаулы, жаңа символ болса, әр шаңырақ пен көшелерге бейнеленетін рәмізді қалайтын болсақ, онда жаңа елтаңбаның қандай болатынын халық шешуі тиіс", – деп қорытындылады белсенділер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу