Атап айтқанда, стационарды алмастыратын медициналық көмектің шекті көлемін анықтау әдістемесі енгізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек медициналық көмектің деңгейлері (бірінші, екінші, үшінші) бойынша жоспарлы түрде көрсетіледі.
Өңірлер деңгейіндегі стационарды алмастыратын жағдайларда бақылау, емдеу және күтім жасау үшін шекті көлемдердің санын уәкілетті органмен келісім негізінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қалыптастырады.
Бірінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер:
- тәулік бойы медициналық бақылауды талап етпейтін жіті және (немесе) созылмалы аурулардың асқынуы, соның ішінде 4-санатты шақыртуға қызмет көрсеткеннен кейін МСАК ұйымдары жанынан жедел медициналық көмек бөлімшесі бригадасы фельдшерінің (дәрігердің) жолдамасы бойынша.
- бекітілген халқы бар ұйымдарда динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулары бар пациенттер тобын белсенді жоспарлы сауықтыру;
- көрсетілімдер болған кезде тәулік бойғы стационардан шығарылғаннан кейін пациентті стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуді жалғастыру.