Қазақстанда ең көп кездесетін адам тегінің бестігі анықталды

803

Қазақстанда ең көп кездесетін адам тегінің бестігі анықталды

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Қазақстанда ең көп тараған адамдар тегінің бестігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұрат Жұманбай бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында жазды.

"Әділет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда ең көп таралған адамның тегі - Ахметов. Қазақстанда дәл осындай тегі бар адамдардың саны 73 627. Екінші орында - Омаровтар (45 123). Ким атаулы тегі бар адам санының үштіктен көрінуін күтпегенім шындық. Дәл осындай тегі бар Қазақстанда 42 274 адам тұрады екен. Төртінші орында Оспановтар (41 068). Бестікті жалпы саны 39 296 адамға жететін Ивановтар түйіндейді", - деп жазды ол.

Бестіктен кейінгі орындарда Әлиевтер - 36 084 адамды, Сүлейменовтер - 33 940, Ысқақовтар - 31 988, Әбдірахмановтар - 29 091, Ибрагимовтар - 28 755, Қалиевтар - 28 219, Садықовтар - 27 810, Ибраевтар - 26 531, Кузнецовтар - 25 990, Поповтар - 24 956, Смағұловтар - 24 005, Абдуллаевтар - 23 729, Исаевтар - 22 910, Сұлтановтар - 22 808, Юсуповтар - 22 763, Исмаиловтар - 21 392, Нұрғалиевтар - 21 133, Кәрімовтар 20 575 адамды құрайды.

"Айтпақшы, тегі Мұрат деген адамдардың саны Қазақстанда - 10 006", - деп түйді Мұрат Жұманбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу