Қазақстанда ең көп неке тіркелген өңірлер анықталды

271

Неке саны бойынша Алматы көш бастап тұр.  

Қазақстанда ең көп неке тіркелген өңірлер анықталды Фото: sunlight.net

Биыл 9 айда Қазақстанда шамамен 88 мың неке тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Неке саны бойынша Алматы қаласы айқын көш бастап тұр. Осы кезеңде мұнда 14 254 жұп некесін ресми түрде қиған.

Екінші орында – Астана қаласы, онда 10 142 жұп өмірін бір арнаға тоғыстырған.

Үшінші орын Түркістан облысына тиесілі. Мұнда 6687 неке тіркелген.

Ал бесінші орында Шымкент – 5570 неке, Қарағанды облысында 5394 неке тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу