Қазақстанда ең көп сұранысқа ие автокөлік белгілі болды

881

Қазақстанда ең көп сұранысқа ие автокөлік белгілі болды

Соңғы бес айда ресми автодилерлер Қазақстанда 15707 автокөлік сатқан және олардың жалпы құны 130,2 млрд теңге. Бұл туралы Қазақстан автокөлік қауымдастығына сілтемемен 7kun.kz.хабарлайды.

Сатылым бойынша ең алдыңғы қатарда жол талғамайтын көліктер тұр. Экспортты қосқанда жыл басынан бері 6369, яғни жалпы сатылымның 41 пайызына тең жол талғамайтын көлік сатылған.

Екінші орында седан автокөліктері. Жыл басынан бері ресми автодилерлер 6354 көлікті 35,03 млрд теңгеге сатқан.

Қауымдастықтың мәліметінше, экспортты қосқанда жаңа автокөліктердің сатылымы өткен айда 5 пайызға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу