Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алады

3373

Өндіріс орындарында жұмыс істейтіндердің табысы елдегі орташа еңбекақы көлемінен шамамен 30 %-ға жоғары.  

Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алады

247,6 мың теңге. Бұл өндіріс саласында еңбек ететіндердің қазіргі кездегі орташа айлығы. Мамандардың сараптауынша, бұл сома өткен тоқсанға қарағанда 1,6%-ға, ал 2018 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға жоғары. 

Жалақы көрсеткіштері бойынша елімізде тау-кен өндіру саласы көш бастап тұр. Олардың орша айылығы 387,3 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, бұл соммаға жылына 8% қосылып отырады. Тау-кен өндіру сегментінің ішінде ең жоғары жалақы мұнай-газ саласы мамандарына тиесілі. Мұнайшылар орта есеппен айына 737,7 мың теңге (жылына 6,5% қосылады) алады. Сондай-ақ, бұл тізімге өндіріс орындарында техникалық қызмет көрсететін мамандарды қосуға болады. Олардың орташа айлығы 418,3 мың теңге (жылына 6,1% қосылады).

Өндіріс орындары мамандарынан кейін жалақысы жоғары өңдеуші өнеркәсіп саласы қызметкерлері болып табылады. Аталмыш сегментте еңбек ететіндердің орташа айлығы  201,7 мың теңге (жылына 13,7% қосылады). Өңдеуші өнеркәсіпте ең жақсы еңбекақы темекі өнімдерін жасаушыларға тиесілі. Олардың айлығы 656,2 мың теңгенің көлемінде. Екінші орында кокс пен мұнай өнімдерін өңдеушілер тұр. Бұл салада орташа жалақы 399,2 мың теңге. 

Электр жабдықтау, газ беру саласында да жыл сайын еңбекақы көрсеткіштері жоғарылайды. Мәселен, бүгінде аталмыш сегмент мамандарының орташа айлығы 165,1 мың теңге шамасында. Олардың жалақыларына жылына 10,5% қосылып отырады. 
Ескерте кететіні, статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, еліміде орташа айлық көрсеткіші 168 489 теңге көлемінде. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу