Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті еліміздегі ең қысқа және ең ұзақ авиаұшырылымдарды атады.
Комитет баспасөзінің хабарлауынша, Қазақстандағы ең қысқа тұрақты әуе рейсі Өскемен мен Семей қалалары арасында орындалады екен. 165 шақырым қашықтықты "Оңтүстік аспаны" әуе компаниясының ұшағы жалғайды.
Ал ең ұзағы – Алматы – Орал әуе бағыты. Қашықтығы 2200 шақырымдық әуе бағытында Air Astana мен Bek Air компаниясының ұшағы жолаушылар тасымалдайды.
Еліміз жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-орында – 2 млн 724 мың шаршы шақырым.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу