Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

166

Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты.  

Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін Фото: azattyq-ruhy.kz

Елімізде ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру қарастырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды.

Вице-министрдің айтуынша, бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен арттыру жоспарланған. Халықаралық тәжірибеде ең төменгі жалақы медианалық жалақының шамамен 50 пайызына тең болуы тиіс. Осы есепке сәйкес, елдегі мақсатты деңгей – 150 мың теңге.

Алайда нақты мерзім әзірге белгісіз. Бұл шешім республикалық бюджеттің кірісіне және экономикалық жағдайға байланысты қабылданады.

"Егер биылғы түсімдер тұрақты болса, мұндай өсімді жүзеге асыруға қаржылық мүмкіндік пайда болады", – деді А.Әмрин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу