Қазақстанда ең жоғарғы еңбекақыны кімдер алады?

321

Электрондық еңбек биржасында ең жоғарғы жалақы 954 мың теңгеден басталады.

Қазақстанда ең жоғарғы еңбекақыны кімдер алады? Фото: Inbusiness.kz

Еңбек министрлігінің хабарлауынша, мұндай айлық өндірістегі бас технологтарға ұсынылып отыр. Ал мұнай өндіретін ұңғымаларда қызмет ететін инженерлерге берілетін жалақы - 800 мың теңгеден басталса, жүйелік сәулетшілерге, яғни IT-cаласының мамандарына - 700 мың теңгеден бастап төлем қарастырылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Салаға жауапты министрлік өкілінің айтуынша, белгілі бір мамандықтарға жоғарғы еңбекақының тағайындалуы бірнеше факторларға байланысты.

"Еңбек нарығында сол мамандардың жетіспеушілігі, атқаратын қызметінің күрделі болуы. Еңбек нарығында сол маманның бойындағы құзырет пен дағдылардың өте сирек кездесуі әсер етуі мүмкін. Мұнай саласындағы мамандарға келетін болсақ, атқаратын қызметінің салыстырмалы түрде қауіпті болуымен байланысты", - дейді ҚР ЕХҚМ Стратегия басқармасының бас сарапшысы Мадияр Алдияр.

Маманның айтуынша, мұнай саласындағы қызметкерлерге сұраныс ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі пайдалы қазбаның сарқылуы мен "қара алтынды" өндіру саласында инвестициялардың төмендеуі болжануда. Еңбек нарығында гуманитарлық бағыттағы мамандарға қарағанда, техникалық мамандарға сұраныс жоғары.

"ІТ инфоқұрылымымен айналысатын, оны қалыптастыратын және қолдайтын архитекторлар өте аз, тіпті жоқ деуге де болады", - дейді ҚР ЕХӘҚМ Стратегия басқармасының бас сарапшысы Мадияр Алдияр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу