Қазақстанда еңбек ету қабілеті мен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі

541

Қазақстанда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанда еңбек ету қабілеті мен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов "Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру туралы" тиісті қаулыға қол қойды.

"2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 8,5 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген қаулыда.

Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу