Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың айтуынша, бұл шаралар Тоқаев жариялаған саяси реформалар курсын жүзеге асырудың заңды жалғасы болып табылады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу керек деген болатын. Заңнамалық актілерге тиісті түзетулер қараша айының басында енгізілді.
Бұл – еліміздегі саяси жүйені жаңғырту үшін қолға алынған реформалардың жалғасы. Бұл шешім көпполюсті партиялық жүйе қалыптастырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды. Бұл әсіресе, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың алдағы сайлауы аясында өте өзекті.Мұның барлығы Әділетті Қазақстан құру үшін жасалып жатқан маңызды өзгерістер", деп жазды ол әлеуметтік желіде.