Қазақстанда енді жұмыстағы харассмент үшін жаза қарастырылмақ

130

Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіледі. 

Қазақстанда енді жұмыстағы харассмент үшін жаза қарастырылмақ Фото: pexel

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еңбек кодексіне жұмыс орнындағы сексуалды тиісу мәселелері де қарастырылмақ.

Әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, жұмысшылардың 30%-на жуығына жұмыс орнында әріптестері тиіскен. Құжатта мұндай жағдайда шағымдану мен қорғаудың нақты тетігі жоқ екені айтылған.

Қазақстан мемлекеттердің қызметкерлерді зорлық-зомбылық пен қудалаудан қорғау жөніндегі міндеттемелерін қарастыратын халықаралық еңбек орталығының №190 конвенциясын әлі ратификациялаған жоқ. Бірқатар елдерде (Франция, Канада, Оңтүстік Корея) мұндай әрекеттерге ішкі жауаптар мен санкциялардың процедуралары белгіленген.

Ұсынылған құжатта қолданыстағы Еңбек кодексі жұмысшыларды зорлық-зомбылықтан қорғай алмайтыны көрсетілген.

Заң жобасы авторларының пікірінше, кодекске өзгерістер енгізілсе, бұл жұмыс берушілерді қудалау жағдайларына нақты жауап беруге және шағымдарды қараудың ішкі рәсімдерін әзірлеуге міндеттейді. Қызметкерлер өз құқықтарын қорғауға қосымша кепілдіктер алады.

Жоба “Ашық НҚА” порталында қоғам талқылауына шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу