Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, бүгінде бірыңғай электр жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Биылғы жылдың 16 қазанындағы жағдай бойынша электр энергиясын өндіру экспортты есепке алғанда 86,9 млрд кВт/сағатты құрады. Тұтыну 86,8 млрд кВт/сағат, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға төмен", – деді министр.
Тұтынудың азаюы негізінен заңсыз жұмыс істейтін майнингтік қызметті жүзеге асырған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстарға байланысты, деп түсіндірді министр.
"Осыған орай, өткен жылдардағы энергетикалық жүйенің динамикасын ескере отырып, біздің бағалауымыз бойынша, 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде энергетикалық жүйедегі максималды жүктеме шамамен 16,1 ГВт құрайды", – деп түйіндеді Болат Ақшолақов.