Қазақстанда энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың тұжырымдамасы әзірленді

597

Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалды.

Қазақстанда энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың тұжырымдамасы әзірленді Фото: kk.delachieve.com

Елімізде энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың тұжырымдамасы әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz/kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындап шықты.

"Аталған тұжырымдаманың көмегімен отын-энергетикалық ресурстарды тұтынудың көлемін азайту мен оны тиімді пайдалануды жолға қою арқылы Қазақстанның ІЖӨ-де энергия сыйымдылығын төмендету көзделген", - делінген министрлік хабарламасында.

Бұл бастаманы іске асырудың нәтижесінде өнеркәсіптің басым секторларында өнім өндірудегі энергия ресурстарының шығыны төмендеп, бюджеттік секторда, ТКШ-да және көлік секторында энергия тұтыну мөлшері біршама азаяды деп болжанып отыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу