Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтана бастады

899

Егер наурызда індет жұқтыру деңгейі 150%-ды құраса, соңғы тәуліктерде бұл көрсеткіш 2,3% болды.

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтана бастады

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтана бастады. Бұл туралы мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

"Егер наурызда індет жұқтыру деңгейі 150%-ды құраса, соңғы тәуліктерде бұл көрсеткіш 2,3% болды. Бір аптада ол 5%-дық межеден асқан жоқ", – деген Айжан Есмағамбетова елімізде сауыққандар саны артып келе жатқанын айтты.

"Сонымен қатар соңғы тәуліктерде сауыққандар саны күнделікті індет жұқтырғандар санынан жоғары екенін атқым келеді. Бұл елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақтана бастағанын көрсететін өте жақсы көрсеткіш", – деді ол.

12 мамыр 16:00-дегі жағдай бойынша елімізде 5279 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелсе, 2108 адам індеттен сауығып, 32 науқас көз жұмды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу