2022 жылы Қазақстанда орташа айлық жалақы 309,9 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23,8%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Инфляцияны ескере отырып, сатып алу қабілетінің артқанын көрсететін нақты жалақының өсімі 7,6%-ды құрады.
Жынысы бойынша 2022 жылы ерлер орта есеппен 355,3 мың теңге, жылына + 26,3%, әйелдерге 265,8 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан +20,7% артық алды.
Жалақыдағы айырмашылық айтарлықтай 33,7%-ды құрады. Орташа айлық көрсеткішке қатысты ерлердің жалақысы орташа республикалық деңгейден 14,7%-ға, әйелдердің жалақысы 14,2%-ға аз болды.
Өңірлік тұрғыда ерлердің ең жоғары орташа айлық жалақысы Атырау (631,8 мың теңге), Маңғыстау (590,6 мың теңге) және Ұлытау (489,1 мың теңге) облыстарында, ал ең төменгісі – Жетісу облысында (бар болғаны 226 мың теңге) тіркелді.
Бұл аймақтарда жынысы бойынша жалақының ең үлкен айырмашылығы да байқалды. Мәселен, Маңғыстау облысында ерлердің жалақысы әйелдердің жалақысынан 2 есеге, Атырауда – 85,9%-ға, Ұлытауда – 68%-ға артық. Бұл ретте Жетісу өңірінде әйелдер ерлерге қарағанда 3,1%-ға ғана көп алған.
Жалақыдағы ең аз айырмашылық Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды: тиісінше 1,9%-ға, 2,5%-ға және 5,5%-ға ерлердің пайдасына.
Әйелдердің ең жоғары орташа айлық жалақысы Астанада тіркелді: бір жыл бұрынғы 306,7 мың теңгеге қарсы 365,1 мың теңге. Үздік үштікке Атырау облысы (339,8 мың теңге) мен Алматы (320,1 мың теңге) қалалары да кірді.