Қазақстанда ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда 39%-ға көп - сарапшылар

417

Жоғары білім орташа жалақыны орта есеппен 72,5%-ға ұлғайтады.

Қазақстанда ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда 39%-ға көп - сарапшылар Фото: inbusiness.kz

Қазақстан экономикасында ер адамдар әйелдерге қарағанда орта есеппен 39%-ға көп жалақы алады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып TENGENOMIKA Телеграм арнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Жалпы экономикада білім деңгейі бойынша қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы орта білімі барларға 230 мың 841 теңге болса, жоғары білімі барларға – 398 мың 214 теңге, ҰБТ жоғары оқу орнынан кейінгі білім – 505 мың 170 теңге.

"Жоғары білімнің болуы орта есеппен орташа айлық номиналды жалақыны 72,5%-ға, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім оны тағы 27%-ға арттырады. Десек те, экономикада жұмысшылардың 46,1%-ында тек орта білім бары алаңдатады", - деп жазады TENGENOMIKA Телеграм арнасы.

Ресурстың жазуынша, орта есеппен ел экономикасында білім деңгейі бойынша ер адамдардың орташа айлық атаулы жалақысы әйелдермен салыстырғанда 39,0%-ға көп. 

"Гендерлік тұрғыда жалақының осындай айырмашылығы декреттік демалысқа байланысты әйелдердің жұмыс істеген сағаттарының санына байланысты болуы мүмкін", - делінген ресурс таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу