Қазақстанда ер балалар қыздардан екі есе көп көз жұмады

506

Ғалымдардың зерттеу нәтижесі осындай деп жазады inbusiness.kz. 

Қазақстанда ер балалар қыздардан екі есе көп көз жұмады Фото: The Qazaq Times

Қайтыс болған жастардың 68,6 %-ын жасөспірім ер балалар құраған.

"Жастардың жалпы санынан олардың өлімінің үлесі 1999 жылы 73,7% болса, 2021 жылы 68,6% деңгейіне дейін төмендеді", - делінген "Қазақстан жастары-2022" ұлттық баяндамасында.

 Хабарда айтылғандай, ұлдар мен қыздар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші 1,12 және 0,54, яғни ерлердің өлімі әйелдерге қарағанда екі есе көп.

 Өлім-жітімнің жалпы санын талдау көрсеткендей, әйелдермен салыстырғанда қазақстандық жас жігіттер кісі қолынан – 4,7 есеге, өз-өзіне қол жұмсаудан – 4,5 есеге, көлік апатынан – 2,8 есеге және туберкулез ауруынан 3 есеге көп қайтыс болады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу