Қазақстанда ерлер мен әйелдер интернетті тең деңгейде пайдаланады

1316

Елде интернетті пайдалану деңгейі жылдан жылға артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда ерлер мен әйелдер интернетті тең деңгейде пайдаланады

2020 жылы Қазақстан бойынша интернетті пайдаланушылар үлесі 85,9%-ға дейін өскен. Өткен жылғы көрсеткіш – 81,9%.

International Telecommunication Union (ITU) дерегінше, Өзбекстанда 2019 жылы әйелдер арасында интернетті пайдалану деңгейі – 66%, ерлер арасында – 75%. 2019 жылы елде әйелдер арасында интернетті пайдалану деңгейі – 81%, ерлер арасында – 82,8%.

2 өңірде интернетті пайдалану бойынша әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда басым: Нұр-Сұлтанда (92,7% – әйелдер, 93,2% – ерлер) және Ақтөбе облысында (85,6% – әйелдер, 86,1% – ерлер).

Ерлер мен әйелдер арасындағы гендерлік алшақтық Солтүстік Қазақстан облысында – 0,7 п.т, Ақмола облысында – 4,9 п.т.

2020 жылы интернетке қосылған үйлердің үлесі – 92,4%. Кең жолақты интернетке қосылуға үйлердің жартысының ғана мүмкінігі бар. Ал жылдамдығы жоғары мобильді интернетке үйлердің 85,7%-ы қосыла алады.

Биыл қараша айының қорытындысы бойынша Speedtest Global Index дерегінше, Қазақстанда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 31,27 Мбитке жетті. Өткен жылғы көрсеткіш – секундына 18,85 Мбит. 

Өзбекстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 19,84 Мбит.

ITU мәліметінше, 2020 жылы Өзбекстанда тұтынылатын жылдамдығы жоғары мобильді интернет-трафиктің орташа айлық көлемі бір абонентке 4,4 Гб. 

2020 жылы Қазақстан бойынша деректер жоқ. Алайда 2019 жылы дағдарысқа дейінгі көрсеткіш – 10 Гб.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу