2021 жылғы дерек бойынша әйелдердің орташа айлық жалақысы 220 160 теңге, ал ерлерде – 281 239 теңге болған. Айырмашылық орта есеппен 61 079 теңге, ал пайыздық мәнде ол – 21,7%.
Ұлтық статистика бюросы хабарлаған ақпарат бойынша:
2021 жылы 15 жастан асқан жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құраған, ол халық санының 69,3%-ы.
6,7 млн адам – жалдамалы жұмыскерлер, бұл жұмыспен қамтылғандардың 76,2%-ы.
2,1 млн – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, пайыздық мәнде ол – 23,8%.
Экономиканың әртүрлі салаларындағы ерлер мен әйелдердің бөлінісіне келсек, жалдамалы жұмыс істейтін ер адамдар: құрылыс (77,2%), өнеркәсіп (68,9%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (57,8%), көлік және қойма (77,4%) салаларында жұмыспен қамтылған.
Ал әйелдер: ауыл шаруашылығы секторында – 42,2%, өнеркәсіпте – 31,1% және құрылыста – 22,8% қызмет етеді. Ал басым көрсеткіштер, саудада – 57,1%, орналастыру және тамақтану қызметтерін ұсыну – 65,4%, білім беру саласында – 72,9%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 73% қамтылған.
7,4 млн жұмыспен қамтылған халықтың 83,5%-ында жоғары және орта кәсіптік (арнайы) білімі бар. Әйелдер неғұрлым білікті жұмыс күші саналады, 41,4% әйелдің білім деңгейі жоғары.
2021 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 449,6 мың адамды құраған, олардың 55,1% әйелдер. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалыптасты, ал әйелдер жұмыссыздығы (5,5%) ерлер арасындағы жұмыссыздықтан (4,2%) асып түскен.