ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палатасы және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп бейнеқоңырау арқылы "ерлі-зайыптылардың Нотариаттық келісімін Онлайн ресімдеу" қызметін енгізді.
"Осы жылдың 25 қыркүйегінен бастап көрсетілетін қызмет "eGov Mobile" платформасында қолжетімді болады", - деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл жаңашылдық ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін ресімдеу процесін анағұрлым жеңілдетеді. Азаматтар нотариусқа жүгінбей-ақ қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады. Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.
"Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығындарды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу мүмкіншілігі" - деп атап өтті Бекболат Молдабеков.
Қызметті алу үшін:
6) "eGovMobile" платформасында тіркелу;
7) өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
8) бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу;
9) нотариустың қызмет ақысын төлеу;
10) нәтижесінде, құжат "Цифрлық құжаттар" сервисінде қолжетімді болады.