Қазақстанда ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізілді

645

Осы жылдың 12 шілдесінде Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын.   

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізілді

Елімізде ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша, бұл ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге, оларға жеке кесте бойынша өмір бойы төлемдер белгілеуге мүмкіндік бермек.

"Мысалы, ерлі-зайыптылардың, 55 жастағы күйеуі мен әйелі тиісінше 11,6 млн теңге және 5 млн теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары бар. Бұл жағдайда күйеуі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшеріндегі ай сайынғы төлеммен зейнетақы аннуитетінің ең төмен құны 7,4 млн теңгені, ал әйелі үшін 9,2 млн теңгені құрайды. Яғни әйелдің жинақ сомасы жеке зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткіліксіз болып отыр", – деді агенттік өкілі.

Мария Хаджиева мұндай жағдайда жіинақтарды біріктіру және бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндігі бар дейді.

"Бірлескен зейнетақы аннуитеттерін енгізу азаматтардың жинақ бастамаларын арттыруға және зейнеткерлікке шыққан кезде оларға қосымша жинақтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу