Қазақстанда есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді

544

Тиісті үкім 7 сәуірден бастап күшіне енеді.  

Қазақстанда есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді Фото: pixabay.com

Үкіметтің 20 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Психотропты заттар этизолам, трамадол, кетаминмен толықтырылды.

Үкімде каннабис (кенсора) кептірілген және кептірілмеген түрде есірткіге жататыны көрсетілген.

Сол сияқты есірткіге изотонитазен, кротонилфентанил, циклопропилфентанил, акрилоилфентанил (акрилфентанил), фуранилфентанил, тетрагидрофуранилфентанил, U-47700, MT-45, AH-7921 қосылды.

Прекурсорлардың тізімі де жаңарды. Жаңа басылымда "Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға жатқызылған өсімдіктерді заңсыз өсіру көлемдері" кестесі берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу