Елімізде ескі көліктердің нарығы кеңейді

953

Елімізде ескі көліктердің нарығы кеңейді

Қаңтар-наурызда Қазақстанда 284 мыңнан астам автокөлік тірікеуге қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоӨнеркәсіп" автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2018 жылдың қаңтар-наурызында әкімшілік полиция органдары тіркеуге 284 649 автокөлікті қойды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13,6 пайызға артық. Оның ішінде 269 353-і екінші рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылды. Өсім 2017 жылмен салыстырғанда 12,3 пайызға жетті. Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны 15 296-ны құрады. Ол былтырға қарағанда, 42,4 пайызға жоғары болды", - деп атап көрсетілген таратылған мәліметте.

"ҚазАвтоӨнеркәсіптің" хабарлауынша, биылғы бірінші тоқсанда қайта тіркелген көліктердің үштен екісін (68,6 пайызы) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер қамтыған.

Оның ішінде 20 жылдан асқандардың үлесі 104 407 (38,8 пайыз) болса, 11-ден 20 жылға дейінгілер 29,8 пайызды құрады. Ал 4-тен 7 жылға дейін - 56 239 (20,9 пайыз), 8-ден 10 жылға дейін - 15 531 (5,8 пайыз), 1-ден 3 жылға дейінгі көліктер саны 8 692-ге жетті. Сонымен қатар пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі 4 115 болды.

Таратылған мәліметке сүйенсек, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, отандық автопарктің ескіруінің тұрақты үрдісі байқалуда. Осы орайда нарықта 20 жылдан асқан көлікті қайта сату көрсеткіші 35,2 пайыздан 38,8 пайызға дейін өскен. Ал пайдалану мерзімі 1-3 жыл аралығындағы автокөліктер 7,6 пайыздан 3,2 пайызға дейін қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу