Қазақстанда ет экспорты төмендеді

1457

Қазақстанда ет экспорты төмендеді

2017 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ет және ет өнімдерін 45 пайызға аз экспорттаған, деп хабарлайды naryk.kz. 

Нақтырақ айтар болсақ, 2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында отандық кәсіпорындар шетелге 1,5 мың тонна ет сатты.

Экспорттың азаюына қазақстандық еттің сыртқы нарықтағы бағасының 35 пайызға қымбаттауы себеп болған. Нәтижесінде ет экспортынан түсетін пайда алғашқы үш айда 25 пайызға азайып, 3,1 млн долларға төмендеді.

Қазақстаннан ет сатып алушы мемлекеттердің ішінде ең алдымен Ресей бар. Биыл шетелге сатылған еттің 94,5 пайызы осы солтүстіктегі көршіге жөнелтілген. Ал 2016 жылы экспорттың 70 пайызы Ресейге жөнелтілген еді. Дегенмен, биыл алғашқы үш айда Ресейге сатылған ет көлемі былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен 15 пайызға аз.

Сонымен қатар, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай бағытындағы экспорт көлемі де азайған.

Айта кетейік, 2016 жылы Қазақстан жалпы көлемі 12 мың тонна ет экспорттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу